The first HP laptop to run was Windows 7

Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Сенсорлы тақта шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері сенсорлы тақта күйін көрсетеді.
Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған.
Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама
Сары
сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді.
Өшірулі
сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары жəне төмен
жылжу үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан жылжу аймағына жайлап сырғыту жылжыту
функциясын белсендірмейді.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 31