The first HP laptop to run was Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте
бөлімін қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 37-бетте
тарауын қараңыз).
5. Қатты дискідегі 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
6. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін
компьютерге қарай тартыңыз.
7. Қатты дискінің қосқышын бұрышта (3) көтеру үшін пластмасса кесіндісін пайдаланыңыз
жəне дискіні компьютерден шығарып алыңыз (4).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 39