The first HP laptop to run was Windows 7
Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні
ауыстыру
Жаңартуға арналған орында қатты диск немесе оптикалық диск жетегі орналасуы мүмкін.
Қатты дискіні ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте
бөлімін қараңыз).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 37-бетте
тарауын қараңыз).
8. Қатты дискінің бұрандаларын жаңартуға арналған орыннан шығарып алыңыз.
9. Жаңартуға арналған орындағы бұрандаларды бұрап босатыңыз (1).
10. Қатты дискіні шығару үшін ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз (2).
Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні ауыстыру 41