The first HP laptop to run was Windows 7
2. Қатты диск бұрандаларын орнына салыңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына салу 38-бетте бөлімін қараңыз).
4. Батареяны компьютерге салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта жалғаңыз.
6. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық диск жетегін ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді
өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық диск
жетегін шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 35-бетте
бөлімін қараңыз).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 37-бетте
тарауын қараңыз).
Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні ауыстыру 43