The first HP laptop to run was Windows 7

f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн
толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне
компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру
құралы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған НР бағдарламаларын қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламаларды қайта орнату қажет.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
54-бетте бөлімінен қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басу) хабары экранда
көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесі бар DVD дискісіне тапсырыс беру үшін НР веб-торабына өтіңіз.
АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты
қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/
wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Қолдау қызметіне телефон соғу арқылы да DVD
дискісіне тапсырыс қоя аласыз. Байланыс ақпаратын компьютермен қоса қамтамасыз етілген
Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі пайдаланылған болса, қатты дискідегі
мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне
компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық құралдар мен
утилиталар қалпына келтіріледі.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі арқылы қалпына келтіруді бастау үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл үрдісті аяқтау үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін Windows
амалдық жүйесі басталғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
54 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру