Laptop User Guide - Linux

Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе
проекторды қосады.
(2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа
ағынын қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі
бөліктерді салқындату үшін жəне қызып
кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты
жағдай болып табылады.
(3)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(4)
HDMI порты (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ажыратымдылығы жоғары теледидар
немесе кез келген сыйысымды сандық не
аудио компоненті сияқты қосымша бейне
немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(5)
USB порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
(6)
Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура
микрофонын, стереомикрофонды немесе
моно микрофонды қосады.
(7)
Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео
үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын
тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға не
теледидар дыбысы ұясына қосылған
кезде дыбыс шығарады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін
азайту үшін, гарнитураларды жəне
құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы гарнитура ұясына
қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері
ажыратылады.
Сол жағы 9