Laptop User Guide - Linux

3 Желі орнату
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау
Сымсыз қосылысты жасау
WLAN құрылғысын пайдалану
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Сымды желіге қосылу
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
СымсызИнтернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз.
Бар
WLAN желісіне қосылу 15-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 15-бетте бөлімін
қараңыз.
СымдыИнтернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу
туралы ақпарат алу үшін
Сымды желіге қосылу 17-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану 13