Laptop User Guide - Linux

Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы
ақпаратты
Əрекет пернелерін пайдалану 18-бетте бөлімінен қараңыз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз.
Бар сымсыз желілер Беспроводные сети (Сымсыз желілер) тізімінде көрсетіледі.
4. Қажет сымсыз желіні таңдаңыз.
Егер желі қауіпсіздендірілген WLAN болса, желілік қауіпсіздік кодын енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Автоматты анықталмаған желіге қосылу үшін, Сетевое соединение (Желілік
қосылыс) белгішесін басыңыз да, Соединение со скрытой беспроводной сетью
(Жасырын сымсыз желіге қосылыс) пəрменін таңдаңыз. Кірістірілген қауіпсіздік жүйесі
кодын енгізіп, шифрлау параметрлерін орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса,
сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз.
Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы
хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін
басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатып алынады) (2)
Сымсыз компьютер (3)
Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол
жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының
қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру
үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз.
WLAN құрылғысын пайдалану 15