Laptop User Guide - Linux
пайдалану үшін үздіксіз қосылу мүмкінсіздігі Bluetooth жəне амалдық жүйенің шектеуі болып
табылады.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
рангілі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғысын теңшеу мен пайдалану туралы
ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
Желілік кабельді жалғау үшін
1. Желілік кабельді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2. Кабельдің басқа ұшын қабырғадағы желі ұясына (2) жалғаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру
қатерінен аулақ болу үшін, модем немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына
жалғамаңыз.
Сымды желіге қосылу 17










