Laptop User Guide - Linux

5 Мультимедиа
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
Мультимедиа ойнатылымын басқару пернелерін пайдалану
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Бейне құрылғыларын пайдалану
Компьютерде төмендегідей бөліктер болуы мүмкін:
Кірістірілген үндеткіштер
Кірістірілген микрофондар
Кірістірілген веб-камера
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Мультимедиа ойнатылымын басқару пернелерін
пайдалану
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату,
жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері
болу мүмкін:
Медиа түймешіктері
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
Медиа əрекеттері пернелері
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі медиа белсенділігін басқару құралдары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 18-бетте бөлімдерін
қараңыз.
22 Бап 5 Мультимедиа