Laptop User Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютеріңіздегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін, тапсырмалар тақтасының
оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Звук (Дыбыс) белгішесін оң жақ
түймешігімен басыңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
Алдын ала орнатылған Cheese бағдарламалық құралы арқылы веб-камераны фотосуреттер
түсіру немесе бейне жазу үшін пайдалануға болады. Фотосуреттерді қарап шығуға жəне
сақтауға немесе бейне жазуға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне жазу жəне ортақтастыру
Жылдам хабар
алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
Фотосуретке түсіру
ЕСКЕРІМ: Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін Cheese бағдарламалық
құралының Help (Анықтамасын) нұқыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
VGA
HDMI
24 Бап 5 Мультимедиа