Laptop User Guide - Linux

HDMI құрылғысын жалғау (тек таңдаулы үлгілерде)
HDMI (Айқындығы жоғары мультимедиалық тілдесу) порты компьютерді ажыратымдылығы
жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса
кез келген сыйысымды сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатып
алынады) керек болады.
Компьютердің HDMI портына тек HDMI құрылғыларын қосуға болады. Компьютер экранында
көрсетілген ақпарат сол уақытта HDMI құрылғысында көрсетілуі мүмкін.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғап, қосымша ақпарат алу үшін өндіруші
нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін f4
пернесін басыңыз.
26 Бап 5 Мультимедиа