Laptop User Guide - Linux

6 Қуатты басқару
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
Компьютердің жұмысын аяқтау
Қуат параметрлерін орнату
Батарея қуатын пайдалану
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей
мен компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан кезде
Компьютер қолданыста болмағанда жəне ұзақ мерзімге сыртқы қуаттан ажыратылғанда
Компьютердің жұмысын аяқтау үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Компьютер тоқтата тұру немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын,
тоқтата тұру немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Завершить работу
(Жұмысты аяқтау) пəрмендерін таңдаңыз.
Егер компьютер жауап бермесе жəне келесі өшіру іс ретін пайдалану мүмкін болмаса,
кезектілікте берілетін апаттық іс ретін орындап көріңіз:
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып
, батареяны алып тастаңыз.
28 Бап 6 Қуатты басқару