Laptop User Guide - Linux
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Тоқтата тұру күйі жəне күту күйі.
Тоқтата тұру күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа
сақталады жəне күту күйіне қарағанда тоқтата тұру күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік
береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін тоқтата тұру күйінде болғанда немесе тоқтата тұру күйі
кезінде батарея өте
төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауын, аудио немесе
бейне ойнату жұмысының жоғалуын немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде тоқтата тұру немесе күту күйін
қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың
кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Тоқтата тұру күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша тоқтата тұру күйі батареяда немесе сыртқы қуат
көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталғындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып тоқтата тұру күйін қосуға
болады:
●
Қуат түймешігін жылдам
басыңыз.
● Дисплейді жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Оны батарея қуатымен жұмыс істеп тұрған компьютерде орындауға болады.
●
Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Приостановка (Тоқтата тұру)
пəрмендерін таңдаңыз.
●
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып,
Приостановка (Тоқтата тұру) пəрменін таңдаңыз.
Тоқтата тұру режимінен шығу үшін
▲
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер тоқтата тұру режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
Күту күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт
əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне
өтетіндей етіп зауытта орнатылған.
Қуат параметрлерін орнату 29










