Laptop User Guide - Linux

Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталғындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту күйін қосуға болады:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Ожидание (Күту)
пəрмендерін таңдаңыз.
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат
) белгішесін нұқып,
Ожидание (Күту) пəрменін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер күту күйінен шыққанда, қуат шамы қосылады жəне экран жұмыс істеуді аяқтаған
жерге қайтарылады.
Қуат белгішесін қолдану
Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея
зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді.
Қалған батарея зарядының пайыздық мөлшерін көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін
нұқып, Информация (Ақпарат) параметрін таңдаңыз.
Қуатты басқарудың таңдаулы параметрлерін ашу үшін,
Питание (Қуат) белгішесін нұқып,
Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Қуат басқару параметрлерін пайдалану
Қуат басқару компьютердің қуатты пайдалану жолын басқаратын жүйелік параметрлердің
жинағы. Қуат басқару қуатты үнемдеуге немесе жұмысты арттыруға көмектесуі мүмкін.
Қуат басқару параметрлерін реттеуге болады.
Ағымдағы қуат басқару параметрлерін қарап шығу жəне өзгерту
Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Питание
(Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы
параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
Ағымдағы қуат басқару параметрлерін өзгерту
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Питание
(Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы
параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
2. Қажет болғанда, От сети переменного тока (Айнымалы ток желісімен) қойыншасындағы,
От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасындағы жəне Общие (Жалпы) қойыншасындағы
параметрлерді өзгертіңіз.
30 Бап 6 Қуатты басқару