Laptop User Guide - Linux

Батарея қуатын пайдалану
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерде
болғанда жəне компьютер сыртқы айнымалы ток көзіне жалғанған кезде, компьютер электр
қуатында жұмыс істейді.
Компьютерде зарядталған батарея болса жəне айнымалы ток адаптері арқылы берілген
сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда,
компьютер батарея қуатын қосады.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде дисплейдің жарықтығы батареяны зарядын
үнемдеу үшін азайтылады. Дисплей жарықтығын жоғарылату немесе азайту туралы ақпаратты
Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 18-бетте бөлімінен оқыңыз.
Жұмыс істеу жолына байланысты батареяны компьютерде немесе қоймада сақтауға болады.
Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау
батареяны зарядтайды жəне де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды. Дегенмен,
компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап
таусылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпті жағдайларды азайту үшін, тек компьютермен берілетін
батареяны, HP компаниясы беретін алмастыру батареясыннемесе HP компаниясынан сатып
алынатын үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан Питание (Қуат) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батарея қуатын пайдалану 31