Laptop User Guide - Linux
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Компьютер айнымалы ток адаптеріне жалғанда төмендегі белгілердің кез келгені туындағанда,
айнымалы ток адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін
1. Компьютердің жұмысын аяқтаңыз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Компьютерді айнымалы ток адаптеріне қосып, оны айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары
жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс жұмыс істейді.
● Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін техникалық
қолдау орталығымен байланысыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 37










