Laptop User Guide - Linux
7 Диск жетектері
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Дискілерді ұстау
●
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
●
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Дискілерді ұстау
Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін
ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын
үрдістерде қамтылған.
Мына сақтық шараларын орындаңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, тоқтата тұру күйін қосып,
экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
●
Дискіні ұстамас бұрын дискінің
боялмаған метал бетін ұстау арқылы статикалық электр
тогын босатыңыз.
●
Алынатын дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
●
Диск жетегін абайлап пайдаланыңыз: құлатуға немесе үстіне зат қоюға болмайды.
●
Дискіні шығарып алмастан немесе салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірулі, тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда,
компьютерді қосып, амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
●
Дискіні дискінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Оптикалық жинақтағыш диск дискіге жазып жатқанда, ақпаратты теру үшін пернетақтаны
пайдаланбаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу үрдісі тербеліске сезімтал.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болғанда, батареяның медиа файлын жазбас бұрын жеткілікті
зарядталғанын тексеріңіз.
●
Дискіні температура жоғары немесе ылғал жерде сақтамаңыз.
●
Дискні
сұйықтық бар жерде сақтамаңыз. Дискіге тазарту заттарын шашпаңыз.
●
Дискіні дискінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда
немесе дискіні сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
38 Бап 7 Диск жетектері










