Laptop User Guide - Linux
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына
немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш)
белгісін жапсырыңыз.
●
Дискіні магниттік өрістерге жақын жерде сақтамаңыз. Магниттік өрістері бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайда металды заттарды анықтауға арналған құрылғыларды қамтиды.
Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы белдікті конвейерлер жəне
олар сияқты қауіпсіздік құрылғылары
магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін
қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Қатты дискіні шығарып алу
●
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, тоқтата тұру күйінде немесе күту күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да, батареяны шығарып алыңыз.
4. Қатты диск қақпағындағы екі бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 39










