Laptop User Guide - Linux
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау
▲ Компьютер > YaST > Аппараттық ақпарат пəрмендерін таңдаңыз.
Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискілерді енгізу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3. Диск салғышты (2) ашыңыз.
4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
6. Диск салғышты жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Дискіні енгізгеніңізден кейінгі аздаған кідіріс қалыпты болып табылады. Егер сіз
медиа ойнатқышын таңдамасаңыз, AutoPlay тілқатысу терезесі ашылады. Ол сізге медиа
мазмұнын қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады.
42 Бап 7 Диск жетектері










