Laptop User Guide - Linux
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
●
USB құрылғысын пайдалану
●
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны енгізу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны сандық медиа ұясына кірістіріңіз жəне ол нық отырғанша картаны ішіне итеріңіз.
44 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар










