Laptop User Guide - Linux
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
Сандық картаны шығарып алу үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аумағындағы Места (Орындар) тізіміндегі сандық картаның
атына қасында орналасқан Извлечь (Шығару) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
– немесе –
Сандық картаны оның ұясынан шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың
интерфейсі болып табылады. Құрылғылар жүйеге жалғануы мүмкін.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Компьютердің 3 USB порты бар, олар USB 2.0 құрылғыларына қолдау
көрсетеді. Қосымша USB
концентраторы компьютермен бірге пайдаланылуы мүмкін қосымша USB порттарымен
қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын пайдалану 45










