Laptop User Guide - Linux

USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, USB құрылғысын күштеп
жалғамаңыз.
USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына
қосыңыз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, USB
құрылғысын қауіпсіз ажырату үшін, келесі іс рəсімін пайдаланыңыз.
USB құрылғысын ажырату үшін
1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз.
2. Файл шолғышының сол жақ аумағындағы Места (Орындар) тізіміндегі құрылғының атына
қасында орналасқан Извлечь (Шығару) пəрменін таңдаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB тінтуірін немесе USB пернетақтасын ажырату үшін құрылғыны
компьютерден суырыңыз. USB сақтау құрылғылары жоғарыда аталған іс-ретті пайдалану
арқылы компьютерден ажыратылуы тиіс.
46 Бап 8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар