Laptop User Guide - Linux

10 Қауіпсіздік
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
Компьютерді қорғау
Құпия сөздерді пайдалану
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
Компьютерді қорғау
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ
олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны
ұрланудан қорғамайды.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен
деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер
қолданылатын əдіске байланысты болады.
Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің
тізімі төмендегі кестеде беріледі. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің көбінің параметрлері
Setup Utility (Орнату утилитасы) арқылы реттеледі.
ЕСКЕРІМ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Келесілерден қорғау Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Құпия сөздерді пайдалану арқылы қосылу
аутентификациясы
Setup Utility құралына рұқсатсыз кіру (f10) Setup Utility құралындағы əкімші құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Setup Utility құралындағы DriveLock құпия сөзі*
Setup Utility (f10) құпия сөздерін рұқсатсыз өзгерту Setup Utility құралындағы қатаң қауіпсіздік мүмкіндігі*
Оптикалық дискі, дискет жетегі немесе ішкі желілік
адаптерден рұқсатсыз бастау
Setup Utility құралындағы бастау параметрлерін өзгерту
мүмкіндігі*
Деректерге рұқсатсыз кіру
Қалқан бағдарламалық құралы
Амалдық жүйені жаңарту
52 Бап 10 Қауіпсіздік