Laptop User Guide - Linux
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Setup Utility утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның
төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Пуск (Бастау)
мəзірі экранға шығарылғаннан кейін f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) > Установить пароль
при включении питания (Қосылғанда
сұралатын құпия сөзді орнату) пəрменін таңдау үшін, көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз
да, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді орнату үшін, құпия сөзді Введите новый пароль
(Жаңа құпия сөзді енгізіңіз) жəне Подтвердите новый пароль (Жаңа құпия сөзді
растаңыз) өрістерінде теріп, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді өзгерту
үшін, ағымдағы құпия сөзді Введите
текущий пароль (Ағымдағы құпия сөзді енгізіңіз) өрісінде теріп, Введите новый
пароль (Жаңа құпия сөзді енгізіңіз) жəне Подтвердите новый пароль (Жаңа құпия
сөзді растаңыз) өрістерінде жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
●
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді жою үшін, құпия сөзді Введите пароль (Құпия
сөзді енгізіңіз) өрісінде теріп, enter
пернесін 4 рет басыңыз.
3. Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Setup Utility утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелерді пайдаланып, Выйти (Шығу) > Выйти, сохранив изменения (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрмендерін таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді енгізу
Введите пароль (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзді енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта
орындау қажет.
Құпия сөздерді пайдалану 55










