Laptop User Guide - Linux

Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар
— DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан
бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін,
брандмауэрді уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, брандмауэрді қайта
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
56 Бап 10 Қауіпсіздік