Laptop User Guide - Linux
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы
сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды
жалғастыру қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді. Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі арнаулы қалпына келтіру
бөлімінен жұмыс жасайды. Бұл қалпына келтіру түрі арқылы компьютер қалпына келтіру
дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі.
ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды
да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған
барлық бағдарламалар мүлде жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда
орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді
қайта орнатады. НР орнатпаған бағдарламалар, драйверлер мен жаңартулар қолмен қайта
орнатылуы тиіс. Жеке файлдар сақтық көшірмеден
қалпына келтірілуі тиіс.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Recovery тармағын таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сіз негізгі амалдық жүйе орнатылған компьютеріңізді қатты дискідегі бөлімнен
немесе қалпына келтіру бөлімінен бастай алмасаңыз, амалдық жүйені қайта орнату үшін SUSE
Linux Enterprise Desktop Operating System (SUSE Linux компаниядағы жұмыс үстелдік амалдық
жүйесі) DVD дискісін сатып алатыныңыз жөн. Қосымша ақпаратты Worldwide Telephone
Numbers (Əлемдік телефон нөмірлері) кітапшасынан оқыңыз.
58 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










