Laptop User Guide - Linux
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қатамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың сақтық
көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы
диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады. Мына жағдайларда
жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
●
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
●
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
●
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе
өзгертпес бұрын
Бастапқы каталогыңыздағы файлдардың сақтық көшірмесін Backup Manager (Сақтық көшірме
жасау реттегіші) параметрлері арқылы жасау үшін
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) > Параметры Backup Manager
(Сақтық көшірме жасау реттегіші параметрлері) жəне Создать резервную копию из
корневого каталога документов (Бастапқы каталогтың сақтық көшірмесін жасау)
тармақтарын таңдаңыз.
2. Путь для сохранения (Тағайындалған сақтау орны) мəзірін нұқып, сақтық
көшірменің
сақталу орнын таңдаңыз.
3. Сақтық көшірмелерді жоспарланған уақытта жасау үшін График (Кесте) мəзірін нұқып,
уақыт кестесін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін дереу жасау үшін, Создать резервную копию сейчас
(Қазір сақтық көшірмені жасау) құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары
сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз.
4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін,
Сохранить и Создать резервную копию (Сақтап, сақтық көшірме жасау) параметрін
таңдаңыз.
Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) > Backup Manager Restore (Сақтық
көшірме жасау реттегішінің қалпына келтіру мүмкіндігі) тармақтарын таңдаңыз.
2. Источник резервной копии (Сақтық көшірме көзі) мəзірін
нұқып, сақтық көшірме
файлдары сақталатын орынды таңдаңыз.
3. Пусть сохранения восстановленного файла (Қалпына келтірілетін файды сақтау жолы)
мəзірін нұқып, файлдарды қалпына келтіріп, сақтау орнын таңдаңыз.
4. Таңдалған орыннан файлдардың бəрін қалпына келтіру үшін Восстановить все файлы
(Файлдардың бəрін қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз. Таңдалған файлдарды
қалпына келтіру үшін Восстановить выбранные файлы (Таңдалған файлдарды
қалпына
келтіру), одан кейін Выбранные файлы (Таңдалған файлдар) пəрмендерін таңдап,
қалпына келтірілетін файлдарды нұқыңыз.
5. Точка восстановления (Қалпына келтіру нүктесі) пəрменінен сақтық көшірме жасау
уақыты мен күнін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 59










