Laptop User Guide - Linux

Setup Utility құралында шарлау жəне таңдау
Setup Utility құралы сенсорлы тақтада жұмыс істемейді. Шарлау жəне таңдау пернетақта
арқылы жүзеге асырылады.
Мəзір немесе мəзір элементін таңдау үшін, көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз.
Тізімнен бір элементті таңдау немесе қосу/өшіру жолағы сияқты жолақты ауыстыру үшін
көрсеткі пернелерді немесе f5 жəне f6 пернелерін пайдаланыңыз.
Элементті таңдау үшін, enter пернесін басыңыз.
Мəтін ұясын
жабу немесе мəзір дисплейіне қайту үшін, esc пернесін басыңыз.
Setup Utility құралы ашық болғанда қосымша шарлауды жəне таңдалған ақпаратты көрсету
үшін, f1 пернесін басыңыз.
Жүйе ақпаратын көрсету
1. Setup Utility құралын бастаңыз.
2. Основное (Негізгі) мəзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты жəне күн сияқты жүйе ақпараты жəне
компьютер туралы анықтау ақпараты көрсетіледі.
3. Параметрлерді өзгертпей Setup Utility құралынан шығу үшін, Выйти (Шығу) пəрменін
таңдау мақсатында көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, > Выйти, сбросив изменения
(Өзгертулерді болдырмай шығу) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility құралында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
1. Setup Utility құралын бастаңыз.
2. Выйти (Шығу) > Загрузка настроек по умолчанию (Орнатуларды əдепкі күйде жүктеу)
пəрменін таңдау үшін, көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз.
3. Орнату туралы растау көрсетілгеннен кейін enter пернесін басыңыз.
4. Өзгертуді сақтау жəне Setup Utility құралынан шығу үшін, Выйти (Шығу) пəрменін таңдау
мақсатында көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, > Выйти, сохранив изменения
(Өзгертулерді сақтап шығу) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility құралының зауыттық параметрлері компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне
енеді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттық параметрлерді қалпына
келтіргенде өзгертілмейді.
Setup Utility құралынан шығу
Setup Utility құралынан шығу жəне ағымдағы бөлімнен өзгертулерді сақтау үшін
Егер Setup Utility құралының мəзірлері көрінбесе, мəзір дисплейіне қайту үшін esc пернесін
басыңыз. Одан кейін Выйти (Шығу) > Выйти, сохранив изменения (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдау үшін, көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін
басыңыз.
Ағымдағы бөлімнен өзгертулерді сақтамай Setup Utility құралынан шығу үшін
62 Бап 12 Setup Utility (BIOS)