Laptop User Guide - Linux
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда,
қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда,
BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп, орнату кезінде мына
нұсқауларды
орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерді тоқтата тұру немесе күту күйіне
ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғыны, кабельді немесе сымды енгізбеңіз, суырмаңыз, жалғамаңыз немесе ажыратпаңыз.
1. Компьютер үшін бағдарламалық құралды беретін HP веб-торабындағы бетке кіріңіз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
a. BIOS жаңартуының қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі екенін
анықтаңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты
дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін.
b. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды
табасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
64 Бап 12 Setup Utility (BIOS)










