Laptop User Guide - Linux
Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады
● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
● Тоқтата тұру режимінен немесе күту күйінен шығыңыз.
●
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
●
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
●
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
●
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап,
одан кейін қатты дискіден көшіріңіз.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен
байланысу
Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, НР компаниясының
тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысуға болады:
http://www.hp.com/go/contactHP
ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін, беттің сол жағындағы Contact HP worldwide
(HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html торабына кіріңіз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
●
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір тілде техникалық қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса,
ағылшын тілін пайдалануға болады.
●
HP тұтынушыларды қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
●
HP Тұтынушыларды қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
●
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу 71










