Ноутбуктің пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Сенсорлы тақтаны пайдалану ......................................................................................................... 19 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 19 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................................... 20 Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ........................... 20 Жылжу .....................................................
Батарея қуатын үнемдеу ................................................................................................. 35 Батареяны сақтау ............................................................................................................ 35 Қолданылған батареяны қоқысқа тастау ....................................................................... 36 Батареяны ауыстыру .......................................................................................................
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ..................................................................................... 58 Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ......................................................................................... 58 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................................. 59 12 Setup Utility (BIOS) ...........................................................................................
Индекс ...............................................................................................................................................................
x
1 Қош келдіңіз Төмендегі бөлім осы тарауда қамтылған: ● Ақпаратты табу Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу— Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 13-бетте тарауын қараңыз. ● Компьютермен танысу— компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 18-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Осы жерден бастаңыз постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті оқу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін басыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі электрондық нұсқаулықтарда табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда басылған НР Шектеулі кепілдігі қорапта ұсынылады.
2 Компьютермен танысу Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Астыңғы жағы Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік (1) (2) 4 Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесі Бап 2 Компьютермен танысу ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Бөлік Сипаттама (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (5) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы.
Түймешіктер Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер тоқтата тұру күйінде болғанда, тоқтата тұру күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) Амалдық жүйе логотипті перне Амалдық жүйе мəзірін көрсетеді. (4) Амалдық жүйенің қолданбалары пернесі Меңзердің астындағы элементтер үшін төте мəзірін көрсетеді. (5) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық жинақтағыш диск шамы ● Қосулы: оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: оптикалық жинақтағыш диск белсенді емес. (3) USB порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (4) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (5) Батарея/Айнымалы ток адаптері шамы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея толық зарядталған.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Бөлік (8) (9) (10) 10 Бап 2 Компьютермен танысу Сипаттама Сандық медиа ұясы Қатты диск шамы Қуат шамы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: ● Қауіпсіз сандық (SD) жад картасы ● Сыйымдылығы кеңейтілген қауіпсіз сандық (SDхC) жад картасы ● Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC) жад картасы ● Мультимедиа картасы (MMC) ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Өшірулі: қатты диск белсенді емес. ● Ақ: компьютер қосулы.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы компьютер үлгілерінің тек бір WLAN антеннасы бар. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста. (3) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. (4) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. (5) Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, тоқтата тұру күйін қосады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (3) Желдеткіш саңылаулары (5) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. 12 (4) Қатты диск ұясы Қатты дискіні ұстайды.
3 Желі орнату Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау ● Сымсыз қосылысты жасау ● WLAN құрылғысын пайдалану ● Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Сымды желіге қосылу Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз—Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз.
Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау Белгіше Атауы Сипаттама Сымсыз байланыс (қосылған) Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін көрсетеді. Желілік қосылыс (қосылған) Сымды желінің қосылғандығын жəне белсенді болғандығын көрсетеді. Егер сымды да, сымсыз да қосылыстар белсенді болса, жылдамырақ болғандықтан амалдық жүйенің сымды қосылысы қолданылады. Желілік қосылыс (ажыратылған) Сымды жəне сымсыз желілердің қосылмағандығын көрсетеді.
Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты Əрекет пернелерін пайдалану 18-бетте бөлімінен қараңыз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз. Бар сымсыз желілер Беспроводные сети (Сымсыз желілер) тізімінде көрсетіледі. 4. Қажет сымсыз желіні таңдаңыз.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады. Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз. WLAN жүйесін қорғау WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
пайдалану үшін үздіксіз қосылу мүмкінсіздігі Bluetooth жəне амалдық жүйенің шектеуі болып табылады. Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең рангілі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғысын теңшеу мен пайдалану туралы ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Пернетақтаны пайдалану ● Сенсорлы тақтаны пайдалану Пернетақтаны пайдалану Əрекет пернелерін пайдалану Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған теңшелетін əрекеттерді орындайды. f1 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. Əрекет пернесін пайдалану үшін тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып тұрыңыз.
Белгіше Əрекет Сипаттама Экран жарықтығын жоғарылату Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. Экрандағы суретті ауыстыру Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге жалғанған болса, осы түймешік экран кескінін компьютер мен мониторда бір уақытта көріну үшін компьютерден мониторға ауыстырады. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату үшін: 1.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
5 Мультимедиа Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Мультимедиа ойнатылымын басқару пернелерін пайдалану ● Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану ● Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Бейне құрылғыларын пайдалану Компьютерде төмендегідей бөліктер болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Мультимедиа ойнатылымын басқару
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнатады. ● Дыбыс жазады. ● Интернеттен музыканы жүктеп алады. ● Мультимедиалық көрмелерді жасайды. ● Шұғыл хабарлама жіберу бағдарламасы арқылы дыбыс жəне кескіндерді береді. ● Радио бағдарламаларын ағынмен таратады (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз. Компьютеріңіздегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Звук (Дыбыс) белгішесін оң жақ түймешігімен басыңыз. Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін f4 пернесін басыңыз.
HDMI құрылғысын жалғау (тек таңдаулы үлгілерде) HDMI (Айқындығы жоғары мультимедиалық тілдесу) порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген сыйысымды сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатып алынады) керек болады. Компьютердің HDMI портына тек HDMI құрылғыларын қосуға болады.
HDMI үшін дыбыс мүмкіндігін реттеу (тек таңдаулы үлгілерде) HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз. 1.
6 Қуатты басқару Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Компьютердің жұмысын аяқтау ● Қуат параметрлерін орнату ● Батарея қуатын пайдалану ● Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Тоқтата тұру күйі жəне күту күйі. Тоқтата тұру күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда тоқтата тұру күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін тоқтата тұру күйінде болғанда немесе тоқтата тұру күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталғындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту күйін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Ожидание (Күту) пəрмендерін таңдаңыз. ● Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Ожидание (Күту) пəрменін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы айнымалы ток көзіне жалғанған кезде, компьютер электр қуатында жұмыс істейді. Компьютерде зарядталған батарея болса жəне айнымалы ток адаптері арқылы берілген сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда, компьютер батарея қуатын қосады.
Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: ▲ Батареяны (1) батареяның орнына салып, оны (2) нық отырғанша өменге қарай қисайтыңыз. Батареяны шығарып алу үшін: ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
2. Батареяны (2) шығарып алу үшін, оны еңкейіңіз, одан кейін батареяны ұясынан (3) жоғарыға көтеріңіз. Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер айнымалы ток, қосымша қуат адаптер немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) > Управление питанием (Қуатты басқару) пəрмендерін таңдаңыз. 2. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: ● Перейти в режим сна, если компьютер бездействует (Компьютер пайдаланылмаған кезде ұйқы режимін қосу) параметрінің сырғытпасын оң жаққа жылжытып, 30 минутқа орнатыңыз.
Төмен батарея деңгейіне қатысты мəселе шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейіне қатысты мəселе шешу ▲ Төмендегі құрылғылардың бірін қосыңыз: ● айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● HP компаниясынан керек-жарақ ретінде сатып алынған қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейіне қатысты мəселе шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Бір ай немесе одан да көп уақытқа сақталған болса, батареяны тексеруден өткізіңіз. Қолданылған батареяны қоқысқа тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Компьютер айнымалы ток адаптеріне жалғанда төмендегі белгілердің кез келгені туындағанда, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін 1. Компьютердің жұмысын аяқтаңыз.
7 Диск жетектері Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Дискілерді ұстау ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Дискілерді ұстау Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған.
● Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш) белгісін жапсырыңыз. ● Дискіні магниттік өрістерге жақын жерде сақтамаңыз. Магниттік өрістері бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайда металды заттарды анықтауға арналған құрылғыларды қамтиды.
5. Қатты дискінің қақпағын (2) алыңыз. 6. Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратыңыз. 7. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) алыңыз. 8. Қатты дискіні (3) қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз. Қатты дискіні орнату 40 1. Қатты дискіні (1) диск салатын жерге енгізіңіз. 2. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
3. Қатты диск кабелін (3) компьютерге жалғаңыз. 4. Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 5. Қақпақты (2) жабыңыз. 6. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз. 7. Батареяны орнына салыңыз. 8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 9. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау ▲ Компьютер > YaST > Аппараттық ақпарат пəрмендерін таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі. Оптикалық дискілерді енгізу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3. Диск салғышты (2) ашыңыз. 4.
Оптикалық дискілерді шығарып алу Дискіні шығару үшін 1. Диск науасын шығару үшін жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басып (1), науаны (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз. 2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● USB құрылғысын пайдалану ● Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. Сандық картаны шығарып алу үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз. ▲ USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына қосыңыз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін. USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу немесе компьютердің порттарын дұрыс қолдану үшін, өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
9 Жад модульдері Компьютерде жад модулінің екі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
5. Жад модулі бөлімінің қақпағын (2) алыңыз. 6. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: a. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. b. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. a. Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз. b. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша басыңыз. c. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
10. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз. 11. Батареяны орнына салыңыз. 12. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 13. Компьютерді қосыңыз.
10 Қауіпсіздік Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Компьютерді қорғау ● Құпия сөздерді пайдалану ● Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ● Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды.
Келесілерден қорғау Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін пайдалану Setup Utility параметрлеріне жəне басқа жүйені анықтау ақпаратына рұқсатсыз кіру Setup Utility құралындағы əкімші құпия сөзі* Компьютерді рұқсатсыз қозғау Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге қолданылады) *Setup Utility утилитасына кіру үшін компьютер қосалғанда немесе қайта басталғанда f10 пернесін басыңыз. Setup Utility құралын пайдалану кезінде жылжу жəне таңдау жасау үшін компьютердегі пернелерді басу қажет.
Setup Utility құпия сөздері Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз* ● Компьютер мазмұнына кіруді қорғайды. ● Осы құпиясөз орнатылғаннан кейін, компьютерді қосқан не өшірілген немесе күту күйінен шыққан сайын оны енгізу қажет. ЕСКЕРТУ: Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу жəне күту күйінен шығу мүмкін болмайды. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын құпия сөздің орнына пайдалануға болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Setup Utility утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Пуск (Бастау) мəзірі экранға шығарылғаннан кейін f10 пернесін басыңыз. 2.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын анықтау үшін Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру қажет.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қатамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың сақтық көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады.
ЕСКЕРІМ: Егер бірнеше сақтық көшірме жасалған болса, ең соңғы нұсқаға дейін қалпына келтіру үшін Использовать последнюю версия (Ең соңғы нұсқаны пайдалану) параметрін таңдаңыз. 6. 60 Файлдарды қалпына келтіруді бастау үшін Восстановить (Қалпына келтіру) түймешігін немесе əрекетті болдырмау үшін Отменить (Болдырмау) түймешігін басыңыз.
12 Setup Utility (BIOS) Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Setup Utility құралын бастау ● Setup Utility құралын пайдалану ● BIOS жаңарту Setup Utility құралы немесе негізгі енгізу-шығару жүйесі (BIOS) жүйедегі енгізу-шығару құрылғыларының (диск жетектері, дисплей, пернетақта, тінтуір жəне принтер сияқты) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility құралы орнатылған сыртқы құрылғылардың түрі, компьютерді бастау реті жəне жүйелік пен кеңейтілген жад мөлшері үшін параметрлерді қамтиды.
Setup Utility құралында шарлау жəне таңдау Setup Utility құралы сенсорлы тақтада жұмыс істемейді. Шарлау жəне таңдау пернетақта арқылы жүзеге асырылады. ● Мəзір немесе мəзір элементін таңдау үшін, көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз. ● Тізімнен бір элементті таңдау немесе қосу/өшіру жолағы сияқты жолақты ауыстыру үшін көрсеткі пернелерді немесе f5 жəне f6 пернелерін пайдаланыңыз. ● Элементті таңдау үшін, enter пернесін басыңыз. ● Мəтін ұясын жабу немесе мəзір дисплейіне қайту үшін, esc пернесін басыңыз.
Егер Setup Utility құралының мəзірлері көрінбесе, мəзір дисплейіне қайту үшін esc пернесін басыңыз. Одан кейін Выйти (Шығу) > Выйти, сбросив изменения (Өзгертулерді болдырмай шығу) пəрменін таңдау үшін, көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз да, enter пернесін басыңыз. BIOS жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaqs деп аталатын қысылған файлдарына салынған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
A Ақаулықтарды жою жəне қолдау Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: ● Ақаулықтарды жою ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
компьютер экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде берілуі мүмкін. f4 пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі, бір немесе бірнеше сыртқы дисплейлер арасында ауысып, барлық құрылғыларда бірден көрсетіледі. Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей отыр Егер бағдарламалық құрал жауап бермесе немесе дұрыс жауап бермесе, Компьютер > Завершение работы (Өшіру) > Перезапуск (Қайта қосу) пəрмендерін таңдап, компьютерді қайта іске қосыңыз.
● Құрылғының, əсіресе ескі болған жағдайда, амалдық жүйемен сыйысымды екенін тексеріңіз. ● Дұрыс драйверлер орнатылғанына жəне жаңартылғандығына көз жеткізіңіз. Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. 68 Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: a. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. b. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады ● Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз. ● Тоқтата тұру режимінен немесе күту күйінен шығыңыз. ● Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз. ● Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз. ● Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы—мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (ө/н) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірінің жапсырмасы компьютердің астында орналасады.
B Компьютерді тазалау ● тазалау заттары тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
C Техникалық сипаттамасы Төмендегі бөлімдер осы қосымша тарауда қамтылған: ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут
D Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 26 ақаулықтарды жою дискіге жазу 71 дискіні ойнату 69 оптикалық диск салғыш 67 оптикалық дискіні анықтау 69 сыртқы дисплей 70 амалдық жүйе 28 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 53 амалдық жүйе логотипті перне, анықтау 7 амалдық жүйенің қолданбалары пернесі, анықтау 7 Анықтама əрекет пернесі 18 аудио кіріс (микрофон) ұясы 9 аудио мүмкіндіктері 23 аудио функциялары, тексеру 23 аудио функцияларын тексеру 23 аудио шығыс (гарнитура) ұясы 9 Ə əдепкі параметрле
нормативтік 72 сериялық нөмір 72 сымсыз куəлік 72 жауапсыз жүйе 28 желдеткіштер, анықтау 9, 12 желіаралық қалқан 16 желілік кабель кедергіні азайту 17 қосылу 17 желілік қосылыс белгішелері 14 желі ұясы, анықтау 9 жергілікті желі (LAN) кабельді қосу 17 қажетті кабель 17 жұмыс ортасы 75 жұмысты аяқтау 28 жүйе ақпараты, көрсету 62 З зауыттық параметрлер, қалпына келтіру 62 И Интернет байланысын орнатқыш 15 К кабельдер LAN 17 USB 46 кедергіні азайту желілік кабель 17 компьютерді өшіру 28 компьютерді сапарға алы
сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 21 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 21 Сенсорлы тақта шамы 4 сериялық нөмір, компьютер 72 сымсыз байланыс белгішесі 14 сымсыз байланыс пернесі, анықтау 19 сымсыз байланыс пернесі, пайдалану 14 сымсыз байланыс шамы 5 сымсыз желі (WLAN) корпоративтік WLAN қосылысы 15 қажет жабдық 15 қауіпсіздік 16 қоғамдық WLAN қосылысы 15 қосылу 15 сипатталған 14 сымсыз куəландыру белгісі 72 сымсыз құрылғылар, түрлері 14 сымсыз шифрлау 16 сыртқы диск 47 сыртқы құрылғылар 47 сыртқы монитор по