HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

IP желі параметрлерін реттеу
Кіріспе
Құрылғының желі параметрлерін реттеу үшін келесі бөлімдерді пайдаланыңыз.
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеу
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
HP бір рангтік желіні қолдамайды, себебі бұл — HP принтер драйверлерінің емес, Microsoft операциялық
жүйелерінің функциясы. Microsoft компаниясының www.microsoft.com сайтына өтіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты
түймешігін басып, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connectedеліге
қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін басыңыз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS серверін ашқан кезде веб-шолғыш There is a problem with this website’s
security certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатында қате бар) хабары пайда болса,
Continue to this website (not recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) түймешігін
басыңыз.
HP құрылғысына арналған EWS серверінің ішінде жылжу кезінде Continue to this website (not
recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) опциясын таңдасаңыз, ол компьютерді
зақымдамайды.
2. Желі жөніндегі ақпаратты алу үшін Networkingеліге қосылу) жиекбелгісін басыңыз. Параметрлерді
қажетінше өзгертіңіз.
Желідегі өнімнің атауын өзгерту
Ерекше белгілеу үшін желідегі өнімнің атауын өзгерту керек болса, HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 93