HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Құрылғы параметрлерді реттеуге, деректерді сақтауға және маңызды аппараттық компоненттерге кіру
мүмкіндігін бермеуге рұқсаты бар адамды шектеуге арналған бірнеше қауіпсіздік мүмкіндіктерін қамтиды.
●
Ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе өзгерту
Ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе
өзгерту
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар өнім параметрлерін өзгерте алмауы үшін, өнімге және HP ендірілген веб-
серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты
түймешігін басып, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connected (Желіге
қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін басыңыз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін басыңыз.
EWS ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS серверін ашқан кезде веб-шолғыш There is a problem with this website’s
security certicate (Бұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатында қате бар) хабары пайда болса,
Continue to this website (not recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) түймешігін
басыңыз.
HP құрылғысына арналған EWS серверінің ішінде жылжу кезінде Continue to this website (not
recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) опциясын таңдасаңыз, ол компьютерді
зақымдамайды.
2. Security (Қауіпсіздік) қойындысын басыңыз.
3. General Security (Жалпы қауіпсіздік) мәзірін ашыңыз.
4. Set the Local Administrator Password (Жергілікті әкімші құпия сөзін орнату) аймағына Username
(Пайдаланушы аты) өрісіндегі құпия сөзге байланысты атты енгізіңіз.
5. Құпия сөзді New Password (Жаңа құпия сөз) жолына енгізіп, Verify Password (Құпия сөзді растау)
жолына қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұрыннан бар құпия сөзді өзгерту үшін, оны алдымен, Old Password (Ескі құпия сөз)
өрісіне енгізу керек.
6. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кілтсөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
KKWW Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері 95










