HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Сенсорлы экран басқару тақталары үшін Allow Updates (Жаңартуларға рұқсат ету) параметрін
YES (ИӘ) күйіне орнатыңыз, одан кейін Check automatically (Автоматты түрде тексеру) параметрін
ON (ҚОСУ) күйіне орнатыңыз.
Стандартты басқару тақталары үшін Allow Updates (Жаңартуларға рұқсат ету) параметрін YES
(ИӘ) күйіне орнатыңыз, одан кейін Automatic Check (Автоматты түрде тексеру) параметрін ON
(ҚОСУ) күйіне орнатыңыз.
Екінші әдіс: микробағдарламаны жаңарту утилитасын пайдаланып
микробағдарламаны жаңарту
HP.com веб-сайтынан микробағдарламаны жаңарту утилитасын қолмен жүктеу және орнату үшін осы
қадамдарды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл әдіс компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған өнімдер үшін жалғыз қол жетімді
микробағдарламаны жаңарту параметрі болып табылады. Сондай-ақ, ол желіге қосылған өнімдерде
жұмыс істейді.
1. Мына www.hp.com/go/support бетіне өтіңіз де, Drivers & Software (Драйверлер және бағдарламалар)
сілтемесін басыңыз, іздеу өрісінде өнім атауын теріңіз, ENTER түймешігін басып, іздеу нәтижелерінің
тізімінен өнімді таңдаңыз.
2. Операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны жаңарту
утилитасы) тармағын табыңыз.
4. Downloadүктеу) түймешігін, Run (Орындау) түймешігін, одан кейін Run (Орындау) түймешігін
қайтадан басыңыз.
5. Утилита іске қосылғанда ашылмалы тізімнен өнімді таңдаңыз, одан кейін Send Firmware
(Микробағдарламаны жіберу) параметрін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: жаңарту процесінің алдында немесе одан кейін орнатылған микробағдарлама нұсқасын
тексеру мақсатында конфигурация бетін басып шығару үшін Print Congонфигурацияны басып
шығару) параметрін басыңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін утилитаны жабу үшін Exit (Шығу)
түймешігін басыңыз.
100 8-тарау Өнімді басқару KKWW