HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Өнімнің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж деңгейі
төмен) немесе «Cartridge is very low» (Картридж деңгейі өте төмен)
хабары көрсетіледі
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): өнім тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді. Тонер
картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына
салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз
. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): өнім тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Тонердің қызмет мерзімін
ұзарту үшін картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа
картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше
ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі Өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картрижіне арналған басты
қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде өнім орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады. Осы
параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Setup (Параметрлерді орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Жүйе параметрі.
● Жабдық параметрлері
● Black Cartridge (Қара картридж) немесе Color Cartridges (Түсті картридждер)
● Өте төмен параметрі
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
KKWW Өнімнің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low»
(Картридж деңгейі өте төмен) хабары көрсетіледі
105










