HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Кіріспе
Егер өнімде баспа сапасы бойынша мәселелер болып жатса, мәселені шешу үшін келесі шешімдерді
берілген ретпен қолданып көріңіз.
Егер өнімде сканерлеу, факс немесе көшіру сапасы бойынша мәселелер болып жатса, келесі шешімдерді
қолданып көріңіз және қосымша шешімдерді «Сканерлеу сапасын жақсарту», «Факс сапасын жақсарту»
немесе «Көшіру сапасын жақсарту» бөлімінен де қараңыз.
●
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
●
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
●
Тонер картриджінің күйін тексеру
●
Баспа сапасы бетін басып шығару және түсіну
●
Өнімді тазалау
●
Тонер картриджін көзбен тексеру
●
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
●
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
●
Басқа баспа тапсырмасы параметрлерін тексеру
●
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда және басылған беттерде жағылулар, анық емес немесе күңгірт басып
шығару, оралған қағаз, кездейсоқ орналасқан тонер дақтары, шашыраңқы тонер немесе тонер жоқ шағын
аумақтар бар болса, қағаз түрі параметрін тексеріңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын басыңыз.
5. Type is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 121










