HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

немесе қайта өндірілген тонер картриджін пайдаланып, баспа сапасына қанағаттанбасаңыз, тонер
картриджін түпнұсқа HP тонер картриджімен ауыстырыңыз.
Баспа сапасы бетін басып шығару және түсіну
1. Негізгі экрандағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Reports (Есептер) түймешігін түртіңіз.
3. Print Quality Pageаспа сапасы беті) түймешігін түртіңіз.
Бұл бетте түстің бес лентасы бар, төмендегі көрсетілгендей олар төрт топқа бөлінген. Әр бөлімді тексере
отырып, белгілі бір тонер картриджіндегі ақаулықты бөліп алуға болады.
Бөлім Тонер картриджі
1 Сары
2 Көгілдір
3 Қара
4 Қызыл
Егер нүктелер немесе жолақтар тек топтардың бірінде шықса, топпен байланысатын тонер
картриджін ауыстырыңыз.
Егер нүктелер бірден көп топта шығатын болса, тазалау бетін басып шығарыңыз. Егер бұл ақаулық
шешілмесе, нүктелердің әрдайым бірдей түсте болатынын анықтаңыз; мысалы, қызыл нүктелер
барлық түс ленталарында шығады. Егер барлық нүктелер бірдей түсте болса, тонер картриджін
ауыстырыңыз.
Егер жолақ бірнеше түс ленталарында шықса, HP компаниясына хабарласыңыз. Тонер картриджінен
басқа құрамдас ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Өнімді тазалау
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесінің барысында қағаз, тонер және шаң бөлшектері өнім ішінде жиналуы мүмкін және
тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жолақтар, сызықтар немесе қайталанатын таңбалар сияқты
баспа сапасының мәселелерін тудыруы мүмкін.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 123