HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

1. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Service(Қызмет) мәзірін басыңыз.
3. Cleaning Page(Бетті тазалау) түймешігін басыңыз.
4. Сұралғанда, хат немесе A4 пішімді қағаз салыңыз.
5. Тазалау процесін бастау үшін OK түймешігін түртіңіз.
Өнім парақтың бірінші жағын басып, парақты шығыс науасынан шығаруды және 1-науаға сол
бағытта салуды сұрайды
. Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шығарылатын бетті тастаңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Сканерді
тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды
тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
Тонер картриджін көзбен тексеру
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Тонер картриджындағы бейнелеу барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджының төменгі жағындағы роликке (бейнелеу барабаны) тимеңіз. Бейнелеу
барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Бейнелеу барабаны зақымданбаған болып көрінсе, тонер картриджін бірнеше рет ақырын сілкіп,
қайта орнатыңыз. Ақаулықтың түзетілгенін тексеру үшін, бірнеше беттерді басып шығарыңыз.
124 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW