HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide
● Түстерді дәлдеу
● Қазір мөлшерлеу
3. Өнімнің басқару тақтасында Calibrating (Калибрлеу орындалуда) хабары көрсетіледі. Калибрлеу
процесін аяқтауға бірнеше минут кетеді. Калибрлеу процесі аяқталғанша өнімді өшірмеңіз.
4. Өнімді калибрлеу аяқталғанша күтіп, басып шығару әрекетін қайталаңыз.
Басқа баспа тапсырмасы параметрлерін тексеру
Бағдарламадан басып шығарғанда басқа баспа драйверінің параметрлерін реттеу арқылы мәселені шешу
үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) аймағын табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● 600 dpi опциясын таңдаңыз.
● Оны қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
● Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Түс параметрлерін реттеу (Windows)
Басылған беттегі түстер компьютер экранындағы түстерге сәйкес болмаса немесе басылған беттегі түстер
қанағаттандырарлық болмаса, мына қадамдарды орындаңыз.
Түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
126 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










