HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Факс сурет сапасын жақсарту
Кіріспе
Егер өнімде кескін сапасына байланысты мәселелер болып жатса, мәселені шешу үшін келесі шешімдерді
берілген ретпен қолданып көріңіз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Қатені түзету параметрлерін тексеру
Бетке шақтау параметрін тексеру
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
Басқа факс құрылғысына жіберу
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Алдымен мына қарапайым қадамдарды орындап көріңіз:
Құжаттарды автоматты беру құрылғысының орнына планшетті сканерді пайдаланыңыз.
Жоғары сапалы түпнұсқаларды пайдаланыңыз.
Құжаттарды автоматты беру құрылғысын пайдаланғанда анық емес немесе жылжып кеткен
суреттерді болдырмау үшін қағаз бағыттағыштарын пайдаланып, бастапқы құжаттарды автоматты
беру құрылғысына дұрыс жүктеңіз.
Егер мәселе әлі бар болса, мына қосымша шешімдерді қолданып көріңіз. Егер сонда да мәселе шешілмесе,
қосымша шешімдерді «Баспа сапасын жақсарту» бөлімінен қараңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Сканерді
тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Өнімді өшіру үшін қуат түймешігін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін. Сұйықтықтарды
тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді зақымдауы мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін өнімді қосу үшін қуат түймешігін басыңыз.
134 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW