HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Сымсыз желі ақауларын жою
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін ақауларды жою ақпаратын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыда HP NFC және HP Wireless Direct басып шығару мүмкіндігі қосылған-қосылмағанын
анықтау үшін, құрылғының басқару тақтасынан конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер Wireless
(Сымсыз) деп аталатын бет болса, HP Jetdirect 2800w NFC және сымсыз тікелей басып шығау қосалқы
құралының басып шығару мүмкіндігі құрылғыда қосылған.
Сымсыз байланысты тексеру парағы
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін өнім басып шығармайды
Өнім басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз байланыс жұмыс істемейді
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Сымсыз байланысты тексеру парағы
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз.
Өнім және сымсыз маршрутизатор қосулы және қуаты бар екенін тексеріңіз. Сондай-ақ өнімдегі
сымсыз радио қосулы екенін тексеріңіз.
Қызмет орнату идентификаторы (SSID) дұрыс екенін тексеріңіз. SSID идентификаторын анықтау үшін,
конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Егер SSID дұрыс екеніне сенімсіз болсаңыз, сымсыз
орнатуды қайта іске қосыңыз.
Қауіпсіз желілер арқылы қауіпсіздік ақпараты дұрыс екенін тексеріңіз. Егер қауіпсіздік ақпараты
дұрыс болмаса, сымсыз орнатуды қайта іске қосыңыз.
Егер сымсыз желі дұрыс жұмыс істеп тұрса, сымсыз желідегі басқа компьютерлерге кіріп көріңіз. Егер
желіде Интернетке кіру мүмкіндігі болса, Интернетке сымсыз байланыс арқылы қосылып көріңіз.
Шифрлау әдісі (AES or TKIP) өнімге және сымсыз кіру нүктесіне (желілерде WPA қауіпсіздігін
пайдаланады) бірдей екенін тексеріңіз.
Өнім сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін, өнім сымсыз кіру нүктесінің
(сымсыз маршрутизатор) 30 м асатын ауқымында болуы тиіс.
Кедергілер сымсыз сигналды бөгемей тұрғанын тексеріңіз. Кіру нүктесі мен өнімнің арасындағы кез
келген үлкен метал заттарды алып тастаңыз. Құрамында метал немесе бетон бар бағандар,
қабырғалар немесе қолдау бағандары өнім және сымсыз кіру нүктесін бөлмейтінін тексеріңіз.
140 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW