HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

4. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
5. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
Негізі, VPN желісіне және басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз.
Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап,
cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
OS X үшін Applicationsағдарламалар) тармағына өтіп, Utilities (Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да, Terminal параметрін ашыңыз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика сынағын
іске қосуға болады.
1. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Self Diagnostics (Өзін өзі диагностикалау) мәзірін ашыңыз.
3. Сынақты бастау үшін Run Network Testеліні тексеруді орындау) түймешігін түртіңіз. Өнім сынақ
нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
142 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW