HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Бастапқы экранның құрылымы
Негізгі экран өнім мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беріп, өнімнің ағымдағы күйін көрсетеді.
Өнімнің басқару тақтасындағы «Бастапқы» түймесін түртіп, бастапқы экранға кез келген уақытта оралыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Негізгі экранда көрсетілетін мүмкіндіктер өнімнің конфигурациясына байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
1 2
3
4 5 6 8
9
7 10
1 Қалпына келтіру түймесі Уақытша тапсырма параметрлерін әдепкі өнімдік мәндеріне қайтару үшін осы түймені түртіңіз.
2 Байланыс ақпараты
түймесі
Желілік ақпаратпен қамтамасыз ететін Байланыс ақпараты мәзірін ашу үшін осы түймені
түртіңіз. Өнім қосылған желінің түріне байланысты, түйме сымды желі белгішесі немесе
сымсыз желі белгішесі ретінде пайда болады.
3 Құрылғы күйі Бұл экран аумағында жалпы өнім күйі туралы ақпарат беріледі.
4
Copy (Көшіру)
Көшіру мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
5
Scan (Сканерлеу)
Сканерлеу мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз:
Scan to USB Drive (Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау)
Желідегі қалтаға сканерлеу
Электрондық поштаға сканерлеу
6
Fax (Факс)
Факс мүмкіндіктерін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
7
USB түймесі
USB Flash Drive мәзірін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
8
Supplies (Жабдықтар)
түймесі
Жабдықтар күйі туралы ақпаратты көру үшін осы түймені түртіңіз.
9
Apps (Қолданбалар)
түймешігі
Таңдалған веб-қолданбалардан тікелей басып шығаратын Apps (Қолданбалар) мәзірін ашу
үшін осы түймені түртіңіз.
10
Setup (Орнату) түймесі
Setup (Орнату) мәзірін ашу үшін осы түймені түртіңіз.
KKWW Өнім көріністері 5