HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties (Сипаттар)
немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Әр параққа беттер санын параққа бет ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Print page borders (Бет жиектерін басып шығару), Page Order (Беттер реті) және Orientation (Бағыттау)
үшін дұрыс опцияларды таңдаңыз. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу
үшін OK түймешігін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties (Сипаттар)
немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 жүйесінің Start (Бастау) экранынан кіру үшін
Devices (Құрылғылар), Print (Басып шығару) тармағын, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Paper type (Парақ түрі) ашылмалы тізімінен қолданылатын бетті сипаттайтын парақ түрін таңдап, OK
түймешігін басыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
40 4-тарау Басып шығару KKWW