HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық ұялы басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wi-Fi Direct және NFC басып шығару (тек сымсыз үлгілер)
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint бағдарламалық құралы
AirPrint
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct және NFC басып шығару (тек сымсыз үлгілер)
Wi-Fi Direct және NFC (Жақын маңдағы байланыс) желіге немесе Интернетке қосылуды қажет етпей-ақ
сымсыз мобильді құрылғыдан басып шығаруға мүмкіндік береді.
NFC мүмкіндіктері құрылғы мен құрылғыны тигізу арқылы мобильді құрылғыларға бірге-бір басып шығару
байланысын береді.
HP Direct мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
Apple AirPrint немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod touch
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары
HP ePrint бағдарламасын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосу немесе ажырату
Wi-Fi Direct мүмкіндіктері алдымен құрылғының басқару тақтасынан қосылуы керек.
1. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Connection Information (Байланыс туралы
ақпарат) түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Wi-Fi Direct
Settings (Параметрлер)
Қосулы/өшірулі
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. O (Өшіру) түймесі Wi-Fi Direct басып шығаруын өшіреді.
Сымсыз басып шығару туралы қосымша ақпаратты мына беттен қараңыз: www.hp.com/go/wirelessprinting.
KKWW Мобильді басып шығару 43