HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Wi-Fi Direct мүмкіндігі арқылы басып шығару әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін, құрылғыны қолдау
тобының басты бетіне өтіңіз: www.hp.com/support/colorljMFPM277.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
Өнім сымды не сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
Өнімде HP Web Services қосылып тұруы және өнім HP Connected немесе HP ePrint орталығына
тіркелген болуы керек.
1. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Connection Information (Байланыс туралы
ақпарат) түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
ePrint
Settings (Параметрлер)
Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу)
3. Пайдаланушы бойынша келісімнің талаптарын оқу үшін, Print (Басып шығару) түймешігін
басыңыз. Пайдалану талаптарын қабылдау және HP веб-қызметтерін қосу үшін, OK түймешігін
басыңыз
Өнім веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады. Ақпараттық бетте
HP құрылғысын HP Connected немесе HP ePrint орталығына тіркеу үшін пайдаланатын принтер
коды болады.
4. Электрондық поштаны орнату процесі арқылы HP ePrint тіркелгісін жасау және ePrint процесін
аяқтау үшін, www.hpconnected.com немесе www.hp.com/go/eprintcenter сайтына өтіңіз.
Осы құрылғыға арналған қосымша қолдау ақпаратын қарап шығу үшін, www.hp.com/support/
colorljMFPM277 сайтына өтіңіз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы Windows немесе Mac жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбугынан
кез келген HP ePrint бағдарламасын қолдайтын принтерде басып шығаруды жеңілдетеді. Бұл
бағдарламалық құрал HP Connected есептік жазбаңызға тіркелген HP ePrint қосылған принтерлерді табуды
жеңілдетеді. Мақсатты HP принтері кеңседе немесе дүние жүзіндегі бір орында орналасуы мүмкін.
Windows: бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қолданбадан Print (Басып шығару) опциясын
ашыңыз да, орнатылған принтерлер тізімінен HP ePrint тармағын таңдаңыз. Басып шығару
параметрлерін реттеу үшін Properties (Сипаттар) түймешігін басыңыз.
macOS: бағдарламаны орнатудан кейін File (Файл), Printасып шығару) тармағын таңдаңыз, одан
кейін PDF жанындағы көрсеткіні (драйвер экранының төменгі сол жағында) таңдаңыз. HP ePrint
бағдарламасын таңдаңыз.
44 4-тарау Басып шығару KKWW