HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Windows үшін HP ePrint бағдарламасы UPD PostScript® қолдайтын өнімдер үшін желідегі (жергілікті желі
немесе WAN) жергілікті желілікті принтерлерде TCP/IP басып шығаруды қолдайды.
Windows және macOS жүйелерінің екеуі де ePCL қолдайтын жергілікті желіге немесе WAN желісіне
қосылған өнімдерде IPP басып шығаруды қолдайды.
Сондай-ақ, Windows және macOS жүйелерінің екеуі де PDF құжаттарын жалпы басып шығару
орындарында және HP ePrint бағдарламасын пайдаланып, электрондық пошта арқылы бұлт көмегімен
басып шығаруды қолдайды.
Драйверлер мен ақпаратты алу үшін www.hp.com/go/eprintsoftware бетіне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі үшін HP ePrint Software басып шығару драйвері HP ePrint + JetAdvantage
болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламалық құралы – macOS жүйесіне арналған PDF жұмыс процесінің қызметтік
бағдарламасы және техникалық тұрғыдан принтер драйвері емес.
ЕСКЕРТПЕ: HP ePrint бағдарламасын USB басып шығаруды қолдамайды.
AirPrint
Apple жүйесінің AirPrint қызметі арқылы iOS нұсқасы үшін және macOS 10.7 Lion және одан кейінгі
нұсқалары орнатылған Mac компьютерлерінен тікелей басып шығарылады. iPad, iPhone (3GS немесе одан
кейінгі) немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі) құрылғысында келесі мобильді
қолданбалардан принтерге тікелей басып шығару үшін AirPrint функциясын қолданыңыз:
Mail (Пошта)
Фотосуреттер
Safari
iBooks
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін принтер Apple құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі)
қосылған болуы керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP принтерлері
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/MobilePrinting сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын USB байланысымен пайдаланбай тұрып, нұсқа нөмірін тексеріңіз. AirPrint
1.3 және одан бұрынғы нұсқалары USB байланыстарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP бекітілген басып шығару шешімі Wi-Fi Direct басып шығару
үшін мобильді құрылғыларға желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін автоматты
түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Басып шығару шешімі операциялық жүйенің көптеген нұсқаларына кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құрылғыдан басып шығару қолжетімді болмаса, Google Play > Android apps (Android
қолданбалары) тармағына өтіп, HP Print Service модулін орнатыңыз.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting мекенжайына өтіңіз.
KKWW Мобильді басып шығару 45