HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

Көшірме жасау
1. Құжатты сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сай салыңыз.
2. Құрылғының басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) түймешігін түртіңіз.
3. Әр түрлі құжаттардың көшіру сапасын оңтайландыру үшін Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз,
одан кейін Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз. Опциялар арқылы жылжу
үшін, басқару тақтасын басып, оны таңдау үшін бір опцияны басыңыз. Келесі көшірме сапасының
параметрлері қолданылады:
Auto Select(Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed(Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text(Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Pictureурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
4. Number of Copies (Көшірмелер саны) түймешігін басып, көшірмелер санын реттеу үшін сенсорлы
экранның пернетақтасын пайдаланыңыз
.
5. Көшірмені бастау үшін Black(Қара) немесе Colorүрлі түсті) түймесін түртіңіз.
48 5-тарау Көшіру KKWW