HP Color LaserJet Pro MFP M277 - User's Guide

HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
(Windows)
HP Scan бағдарламасын пайдаланып компьтердегі бағдарламадан сканерлеуді бастаңыз. Сканерленген
суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. Құжатты құжат беру құрылғысына немесе сканер шынысына өнімдегі көрсеткіштерге сәйкес
қойыңыз.
2. Start (Бастау) түймесін басып, содан кейін Programsағдарламалар) (немесе Windows XP жүйесінде
All Programs (Барлық бағдарламалар)) тармағын таңдаңыз.
3. HP тармағын басыңыз да, өнімді таңдаңыз.
4. HP Scan тармағын таңдаңыз, сканерлеу сілтемесін басыңыз, содан кейін қажет болса параметрлерді
реттеңіз.
5. Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қосымша параметрлерге қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша параметрлер»)
тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жасап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New Shortcut
(«Жаңа сілтеме жасау») пәрменін басыңыз.
52 6-тарау Сканерлеу KKWW